DSC05572

16 наурыз 2018 жылы «Қаржы және Есеп» кафедрасы және Қаржы клубы Халықаралық Биснес Университетінің әкімшілігі қолдауымен жоғары оқу орындары арасында «Қаржы кемеңгері» ойыны өткізілді.

Ойында «Қаржы» мамандығы бойынша Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Нархоз университеті, Алматы менеджмент университеті, Қазақ-Неміс университеті және Халықаралық Бизнес университетінің   2-4 курс студенттері қатысты. Ойын мемлекеттік және орыс тілінде өткізілді. Ойын барысында студенттер өз білімін, ұшқырлығын және өнерін көрсетті.

Ойын екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде алты логикалық тапсырмадан тұратын квест ойыны ойнатылып, нәтижесінде әйгілі американдық кәсіпкер және миллиардер Тед Тернердың цитаталарын табу бойынша тапсырма берілді. Ал екінші кезеңде бағалы қағаздар нарығы бойынша кейстер қорғалды.

DSC05587

Топтардың ойындарын бағалаған қазылар алқасы құрамы:

  1. Қазақстан Қор биржасының басқарушы директоры – Мухамеджанов Евгений Викторович
  2. «Kaspi Bank» АҚ шешім қабылдау орталығының басшысы – Куатбекова Сания Боранбековна
  3. ХБУ Негізгі жоғары білім беру факультетінің деканы – Дузбаева Рахила Мухамедиевна
  4. Экономика ғылымдарының кандидаты, ХБУ доценті – Кривулина Ирэна Геннадьевна
  5. PhD, ХБУ доценті – Утеев Бақытнұр Жумашевич
  6. PhD, ХБУ доценті – Исмаилов Сакен Балтабаевич
  7. PhD, ХБУ доценті – Досманбетова Маншук Серикбаевна
  8. ХБУ доценті – Мырзаева Ұлжан Абдикаимовна
  9. Магистр, ХБУ аға оқытушысы – Зайтенова Назым Курмашевна.

Ойынның нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:

Қазақ бөлімі: 1 орынды –  Халықаралық Бизнес университеті тобы, 2 орынды – Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тобы, 3 орынды – Нархоз Университеті тобы иеленді.

Орыс бөлімі: 1 орынды – Нархоз Университеті тобы, 2 орынды – Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тобы, 3 орынды – Халықаралық Бизнес Университеті тобы иеленді.

Ойын нәтижесі бойынша топтар дипломмен, қатысу сертификаттары және бағалы жүлделермен марапатталды. Ойын көңілді өтті және мереке күніне айналды.

 

DSC05548 DSC05554 DSC05558