ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Максат агай (1)

“Іскерлік тәжірибе” жобасы аясында университетіміздің доктаранттары  Халықаралық бизнес университетінің 25 жылдығына арнап “Әлемдік экономиканың қазіргі заманғы мәселелері” атты тақырыпқа дөңгелек үстел форматында 2 семинар жүргізді. Бірінші семинар қараша айының 2-ші жұлдызында ұйымдастырылып, Дарон Аджемоглу және Джеймс Робинсонның «Почему одни страны богатые, а другие бедные» және Майкл Льюистың “Большая игра на понижение. Тайные пружины финансовой катастрофы” атты кітаптары талқыға салынды. Университетіміздің доктаранттары Орынбет Перизат, Тойлыбек Тоты, Халықов Мақсат, Алтаева Гульмира, Кусниева Айгеримдер спикер ретінде шықты.

Екінші семинар қараша айының 7-сі күні жалғасын тапты. Бұл жолы Эрик Райнерттің “Как богатые страны стали богатыми, и почему бедные страны остаются бедными” және Чxан Ха-Джунның “Недобрые Самаритяне: Миф о свободе торговли и тайная история капитализма” атты кітаптар талқыға салынды. Бұл жолы Калыбекова Динара, Дария Мырзаханова, Сабденалиев Бахтияр, Арбашиева Айнагуль және Сахиева Жулдуз спикер болды.

Аталған іс-шараға университетіміздің қызметкерлері мен студенттері қатысты, сондай-ақ арнайы дөңгелек үстелге келген қонақтар да болды. Қатысушылар жан-жақты қойған сұрақтарына толық ақпарат алып, санамызда үлкен серпіліс болды деп тарқасты.