ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КОНСУЛЬТАЦИЯСЫН АЛУ

Нысанды толтырыңыз, сізге қабылдау комиссиясының маманы қоңырау шалып, сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді

Немесе мына телефон бойынша қоңырау шалыңыз:
+7(727) 259 8000

ID:50726945

Экономика және құқық

Жаңа жаһандық экономика заманында кәсіби қызметі экономикалық білімсіз мүмкін болмайтын заңгерлерді дайындау мәселесі айқын көтерілді: бизнестегі, арбитраждағы, экономикалық қылмыстарды ашудағы, шаруашылық құқықтағы заңгер-экономистер.

Біз экономикалық білімі бар заңгерлер  даярлау дәстүрін қалыптастыра бастаймыз. Бұл мамандық өз білімін түрлі салада кеңінен қолдана алатын бакалаврлар дайындайды.

em

Экономика және менеджмент

Біздің елімізде «экономист» ұғымын кең мағыналау дәстүрі қалыптасқан. Дегенмен, барлық қызметкерлердің бірлескен қызметін бағыттап отыратын, аз шығынмен барынша көп пайда түсіру үшін басымдықтар мен мақсаттарды дұрыс айқындайтын экономистер жоқ. Міне, осындай мамандар бүгінгі таңда елімізге өте қажет.

Бүгінгі таңда жай «экономистерге» жақсы жұмыс табу оңай емес. Елімізге барлық қызметкерлердің бірлескен  құлшынысын ұйымдастыра білетін, мүмкіндігінше аз шығындармен барынша көп пайда түсіруде басымдықтар мен мақсаттарды  қоя білетін экономистер қажет.

Еліміздің экономикасында еңбек өнімділігі  әлемдегі дамыған елдерден әлдеқайда төмен.  Осындай нәтиже қайдан болып отыр?  Бұл кәсіпкерлеріміз бен басқарушыларымыздың  білімі жеткіліксіз болғандықтан, экономистер іміздің  тиімді бизнес-стратегияны ойластыра білмегендігінен.  Егер  бизнесмен  пайда түсіретін тетіктерді анық түсіне алмаса  және табысты көтеру жолдарын білмесе,  бұл оның бизнесін ғана емес, бүкіл экономиканың өсуін  тежейді.

People's interaction and creativity. Having new ideas and inspiration

Кәсіпкерлік және инновациялар

Қазақстанды шикізат шылауынан жаңашыл ойлау тетігіне айналдыру үшін  біз «Кәсіпкерлік және инновациялар» мамандығын қалыптастырдық. Бұл бірегей  бизнес-ұсыныс қалыпты университетті шығармашыл және кәсіпкер өнертапқыштар мен теңдесі жоқ бизнес-орта көшбасшыларын даярлайтын іс-тәжірибе оқу орнына айналдырады.

ba

Бизнес-әкімшілік

Бизнес-әкімшілік – бұл болашақта тұрақсыз бәсеке ортасында адамдарды, жобаларды, бизнесті басқаруға мүмкіндік беретін  икемді мамандық.  «Бизнес-әкімшілік» мамандығының бакалаврлары  толық дәрежеде менеджер-экономист, маркетинг, қаржы және есеп саласындағы маман, кәсіби басқарушы және бизнес-талдаушы, сондай-ақ болашақ бизнес иесі, мемлекеттік кәсіпорын және жеке компаниялардың басшысына қажет білімдерді игереді.