2016 жылдың 23 ақпанында Халықаралық бизнес университетінің қабырғасында, магистранттардың «Қазіргі күндегі Қазақстанның қаржылық және экономикалық жүйелерінің бірігу үрдістері» атты кезекті ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференция келесі бағыттарда қызмет жасады: «Қазақстанның қаржылық жүйесінің дамуына қазіргі күндегі бірігу үрдістерінің әсері», «Экономикалық бірігу жағдайындағы экономиканың нақты секторының дамуы» және «Қазақстан Республикасындағы маркетингтің дамуы мен IT жобаларды басқару».
Аталмыш конференцияда магистранттардың 80-нен астам баяндамалары қарастырылып, келесі үздік деп танылған жұмыстар конференцияның әр бағыты бойынша орындармен марапатталды:
I — орынды иеленгендер: Мухамедиев Р., Прядилин В., Раимкулов Т.
II — орынды иеленгендер: Мироненко Е., Огородов С., Рахишев К., Утебаева С., Байгожанов М., Серебренников Д.
III — орынды иеленгендер: Щукина Д., Кулекешова А., Кисамбаева А., Косарева А., Митрофанов А., Бакбергенов Д.
Орын иеленбеген, алайда белсенді қатысқан өзге баяндаушылар қатысу сертификаттарымен марапатталды.
Қорытындылай келе, конференцияға қатысушылар сұрақ қойып, баяндамаларды талдау барысында белсенділікпен ерекше көзге түскендерін айта кетуіміз қажет. Сонымен қатар, конференцияға қатысқан магистранттардың баяндаған тақырыптары, қазіргі күндегі заман талабына сай өзектілігімен ерекшеленді.8MYxiSWi64U-2 uSJ0F1-C63M NOZYmXqK3vc-1 fsAohYGI2Ts-2