Қазан айының 6-шы жұлдызында Халықаралық Бизнес Университетіне «Іскерлік тәжірибе» курсына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, сарапшы-экономист Мақсат Серәлі қонаққа келді.

Студент және магистрант жастармен кездескен Мақсат Серәлі «Шағын және орта бизнесті стратегиялық жоспарлау» атты тақырыпта семинар жүргізді. Жас кәсіпкер қалай өз кәсібін бастауға болады, қандай салада кәсіп бастаған дұрыс, кәсіп бастаудағы идеяның маңыздылығын және команданың маңыздылығын талдап беріп, жалпы бизнес бастауда қалай дұрыс стратегия қою керектігі жайында бірқатар кеңестерімен бөлісті.

Сондай-ақ бизнес жоспарды дайындаудың қыр-сырлары мен инвестормен келіс-сөз жүргізудің әдіс-тәсілдерін айтып берді. Кездесу өте қызықты әрі тағлымды болды. Соңында студенттердің қызығушылық танытып қойған жан-жақты сұрақтарына жауап берді. Мақсат Серәлінің ашық әңгімесі мен келелі кеңестері үшін алғысымызды білдіреміз.

_BvGuaMZZNA