Кенжехан Кабдесов (2 курс, «Халықаралық қатынастар») пен Яна Сперанская  (3 курс, «Психология») 2016 ж. 11 — 16 сәуірінде «Ломоносов-2016» Халықаралық студенттік ғылыми конференциясына қатысты.  Қатаң байқаудан өткен соң олардың жұмыстары конференция бағдарламасына енгізілді. Кенжехан Кабдесов   «Әлемдік саясат» секциясында «Репатрианттар бейімделуінің халықаралық тәжірибесі және Қазақстандағы оралмандардың мәселелері» баяндамасын оқыды (ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент Зайцева И.А.),  Яна Сперанская  «Психология» секциясында «Спортшылардың айбары мен үрейі деңгейінің өзара байланысының ерекшеліктері» зерттеуінің нәтижелерімен таныстырды (ғылыми жетекшісі– п.ғ.к., доцент Касымжанова А.А.).

Студенттеріміздің жұмыстары ММУ мен Ресей, ТМД елдері оқытушылары мен студенттерінде қызығушылық туғызды. Кенжеханның  баяндамасы «Халықаралық қатынастардың аймақтық   проблемалары: Шығыс» секция бөлімшесінде үздік танылып, мадақтау қағазымен, естелік жүлдемен марапатталды. Жұмыстар «Ломоносов-2016» конференциясы материалдарының электронды жинағында басылып шықты.

– Мен шетелде бірінші рет болдым, бірінші рет ұшақпен ұштым, – дейді Кенжехан. – Үздік баяндамашы боламын деп ойламадым. Өте зерек, ақылды балалалар, соның ішінде Қазақстаннан да көп болды. Осы конференциядан кейін әлі де көп оқу, зерттеу керектігін түсіндім. Маған ММУ «Әлемдік саясат» факультеті басып шығарған кітаптар сыйлады – тап арнайы пәндер бойынша! Енді тек тоқтамай, әрі даму қажет!

– Мені ММУ кеңдігі таң қалдырды,– дейді Яна. – Жаңа адамдармен, еңбектерін университетте оқыған ғалымдармен танысу өте қызықты болды. Конференция маған көп жаңалық ашты, ғылыми зерттеудің жаңа идеяларына бастама болды.   Университетіміздің басшылығына, «Журналистика және халықаралық қатынастар» кафедрасына,   Қасымжанова  Анар Алиақпарқызына берілген мүмкіндік үшін алғысымды білдіргім келеді. Студенттерге тілейтінім: өз күштеріңді сынап конференцияларға қатысыңдар, біздің заманымызда барлық жолдар ашық, бастысы – батыл іске кірісу!

2016 ж. 17-22 сәуірінде ММХҚИ (У) БҰҰ Халықаралық үлгісіне UIB студенттері Азим Али Медгати  (1 курс «Халықаралық қатынастар»), Роман Кадцин (3 курс  «Журналистика»), Гузалия Фатыхова (3 курс «Халықаралық қатынастар») делегат болып барды. Азим мен Роман Бас  ассамблеяның Үшінші, ағылшын тілді комитетіне қатысты, онда табиғи апаттар қаупін азайту жөніндегі халықаралық стратегия талқыланды («International strategy for disaster reduction»). Азим Қытай көзқарасын, ал Роман – Республики Ботсвана Республикасының позициясын білдірді.

– Мен қатысқан бұл бірінші Модель. Үлгі барысында мен жағымды әсер мен келісімсөз жүргізудің баға жетпес тәжірибесін алдым. Біздің комитетте түрлі елдерден: АҚШ, Мексикадан, Италиядан, Франциядан, Қытайдан,  Эквадордан, Малайзиядан және т.б. елдерден студенттер болды. Комитетте жұмыс ауыр болғанмен, нәтижелі болды. Соңында біз «International Strategy For Disaster Reduction» резолюциясын қабылдай алдық.

Мен Модельге 2017 ж. міндетті түрде барамын,— дейді Азим.

 

Кенжехан (1)

YdUbvbqEGZI Ut8mSgP5190 syQtCGqbrAU KN6XZ7eKTJs CtOdSjczM_c IMG_9551